Өңірлер

Қазақстанда тағы бес адам коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Абзал КалиевУлицы и жители Нур-Султана во время карантина
Улицы и жители Нур-Султана во время карантина - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда тағы бес адам коронавирус жұқтырды. Қазіргі уақытта барлығы 380 адамға жеткені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір - Sputnik. Қарағанды облысында бір, Алматы қаласында және Солтүстік Қазақстанда екі адамнан COVID-19 жұқтырды, деп хабарлады мемлекеттік комиссияның жедел штабы.

Барлығы елде 380 жағдай расталып отыр:

  • Нұр-Сұлтан - 184;
  • Алматы - 86;
  • Шымкент - 3;
  • Ақмола облысы - 19;
  • Ақтөбе облысы - 4;
  • Алматы облысы - 9;
  • Атырау облысы - 16;
  • Шығыс Қазақстан облысы - 2;
  • Жамбыл облысы - 3;
  • Батыс Қазақстан облысы -2;
  • Қарағанды облысы - 15;
  • Қызылорда облысы - 25;
  • Маңғыстау облысы - 1;
  • Павлодар облысы - 1;
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5;
  • Түркістан облысы - 5.

Індеттен республика бойынша үш адам қайтыс болды. Коронавирустан бірінші Ақмола облысының 64 жастағы тұрғыны 26 наурызда көз жұмған еді. Екінші 50 жастағы қазақстандық 31 наурызда қайтыс болды. Бүгін үшінші адам Қарағанды облысында көз жұмды. 26 адам жазылып шықты.

Жаңалықтар
0