Өңірлер

Қызылорда облысының экс-әкімі үйқамаққа алынды

© Sputnik / Рамиль СитдиковПапки с документами, архивное фото
Папки с документами, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ысқақовқа қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды, оған ірі көлемде алаяқтық жасады деген айып тағылып отыр  

НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысының экс-әкімі Қуанышбек Ысқақов үй қамаққа алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғаш рет әйел облыс әкімі болды 

Ресми мәліметке сәйкес, 2020 жылы 28 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда қаласының мамандырылған тергеу сотына өтініш хат жолдап, Қызылорда облысының әкімі Ысқақовқа қатысты үй қамаққа алу шарасын қолдануды сұраған. Оған ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша айып тағылып отыр.  

"Күдікті Қуанышбек Досмайылұлы Ысқақовқа қатысты "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхат қанағаттандырылды. Үйқамақтың мерзімі 2 (екі) айға – 26.03.2020 жылы сағат 22:28-ден  бастап 26.05.2020 жылы сағат 22:28-ге дейін белгіленген. Қаулы заңды күшіне енген жоқ", - дейді сот мамандары.

Айта кетейік, 28 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Жаңалықтар
0