Өңірлер

"Қорықпауға шақырамын": Даниал Ахметов желіде видео жариялады

© Photo : Служба центральных коммуникаций Даниал Ахметов
Даниал Ахметов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ахметов жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс бетпердесін жасау туралы шешім қабылданғанын айтты. 500 мың дана маска шығару жоспарда бар

НҰР-СҰЛТАН, 5 наурыз — Sputnik. Наурыздың үшінен бастап Шығыс Қазақстан аумағында көпшіліктің қатысуымен өтетін бұқаралық іс-шаралар тоқтатылды. Бұған салтанатты жиындар, конференциялар, спорттық іс-шаралар, соның ішінде халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерттер енген. Бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында өңір басшысы Даниал Ахметов жазды.

View this post on Instagram

A post shared by Danial Akhmetov (@danial.akhmetov.official) on

"Қазіргі уақытта облыстың медициналық мекемелері қажетті құрал-жабдықпен, дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етілген. Бұған қоса, ауруханаларда арнайы оқу-жаттығулар өткізіліп жатыр. Сондықтан бұл сақтық шараларына түсіністікпен қарап, қорықпауға шақырамын!", - деп жазды Ахметов. 

Тағы оқыңыз: Мереке күндері кімдер жұмыс істейді - президент тапсырмасы түсіндірілді

Сонымен қатар, Ахметов жергілікті кәсіпорындарда қорғаныс бетпердесін жасау туралы шешім қабылданғанын айтты.  500 мың дана маска шығару жоспарда бар.

 

Жаңалықтар
0