Өңірлер

Тоқаев Қордай оқиғасынан кейін дүнген қауымына екі кеңес берді – видео

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев встретился с жителями села Каракемер в Кордайском районе
Касым-Жомарт Токаев встретился с жителями села Каракемер в Кордайском районе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент дүнген қауымына бір жерде отыра бермей, Қазақстанды тануға және мемлекеттік тілді үйренуге кеңес берді  

НҰР-СҰЛТАН, 2 наурыз – Sputnik. Ақорданың баспасөз қызметі Facebook желісінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қордай ауданына жасаған жұмыс сапарының видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Кездесу Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде болған. Сол жерде президент дүнген қауымына "бір жерде отырмауға" кеңес берді.  

"Мысалы, солтүстікте құнарлы жерлер бар. Неге бір жерде отыруымыз керек? Балаларыңызды солтүстікке, я болмаса, шығысқа жіберіңдер, олар сауда жасайды, еңбек жасайды, бай болады. Әлем деген ол үлкен кеңістік қой, сіздердің балаларыңыз осы әлемді танып білуі керек. Басқа халықтармен араласуы қажет. Әрине, Қазақстанды да тануы шарт. Сондықтан өз балаларыңызға алдымен дүнген қауымдастығынан бөлек Қазақстан деген үлкен әлемнің бар екенін үйретіңіздер", - деді Тоқаев.  

Бұдан бөлек, мемлекет басшысы тіл мәселесіне де баса назар аударды.

"Сіздердің балаларыңыз қазақ тілін, орыс тілін, дүнген тілін білуі керек. Ал мемлекет өз тарапынан мәдениеттеріңізді дамытуға, тілдеріңізді үйренуге, салт-дәстүрлеріңізді сақтауға жағдай жасайды. Бірақ адамдардың мемлекеттік тілді білуі маңызды. Әсіресе, дәл осындай ауылды жерлерде тұрғанда қазақша білу керек", - деп Тоқаев. 

Дүнген қауымының ақсақалдары президентке қазақ тілінде алғыс білдірді. 

"Қазақстанда тұратын барлық этнос өз салт-дәстүрін, тілін сақтап қалды. Бұның барлығы қазақ халқының арқасында, президенттің дұрыс саясаты нәтижесінде жүзеге асты. Осындай жағдайдың болғанына қатты өкінеміз", - деді ақсақалдар.

Қордайдағы қақтығыс

7 ақпанда Қордай ауданының Масанчи ауылында жаппай төбелес болып, оның соңы тәртіпсіздікке ұласқан. 8 ақпанда Қордай ауданында жергілікті ауқымда техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев билік қандай кемшілік жібергенін айтты 

Он адам көз жұмды, жүздеген адам жарақат алды. Кейін тағы бір адамның денесі табылды. Мемлекет басшысының шешімімен бірқатар шенеунік пен полицей қызметінен кетті. Облыс әкімі ауысты.

Қордай ауданы  – халқы 145 мың болатын Жамбыл облысындағы аудан. Масанчи ауылы Қырғызстанмен шекарадан алыс емес. Ол жерде 13 мың адам тұрады. 90%-і - дүнген, 5% - қазақ, 5% - орыс.

Жаңалықтар
0