Өңірлер

Семейде екіқабат келіншек сұмдық жағдайды бастан кешірді

© AP Photo / Teresa CrawfordУльтразвуковое исследование
Ультразвуковое исследование - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Отыз үш жастағы жүкті әйелдің дене қызуы көтерілген. Ол дәрігердің тағайындауынсыз дәрі ішкен кезде анафилактикалық шок болған

НҰР-СҰЛТАН, 24 ақпан – Sputnik. Семейде жедел жәрдем бригадасының мамандары дәрі қабылдап, анафилактикалық шокты бастан кешірген әйелді аман алып қалды.

22 ақпан күні дәрігерлер Роман Мерибаев пен Ержан Мұратов жедел жәрдем шақырған үйге барды.

"Олар мекенжайға келгенде 33 жастағы жүкті әйел дәрігердің тағайындауынсыз дене қызуын түсіретін дәрі қабылдағанын білген. Науқасқа III-IV дәрежесіндегі анафилактикалық шок диагнозы қойылды. Соның салдарынан тек жүкті әйелдің өміріне ғана емес, құрсағындағы балаға да қауіп төнді", - деп жазады Семей қалалық медициналық жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Yk-news өңірлік басылымы.

Жедел жәрдем бригадасының дер кезінде тиісті көмек көрсетуінің нәтижесінде болашақ ананың жағдайы қалыпқа келді. Ал 11 сағаттан кейін ол аман-есен ұл босанды.

Тағы оқыңыз: Аяғы ауыр әйелді үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті: оқиғаның мән-жайы

Дәрігерлер ана мен сәбидің жағдайы жақсы екенін айтып отыр. 

Жаңалықтар
0