Өңірлер

Алматыда екі баланы зорлаған адамға химиялық кастрация жасалады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАрест подозреваемого, фото из архива
Арест подозреваемого, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соттың үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемелерінде өтейді

АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2004 және 2007 жылы туған екі баланы зорлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жігітті зорлаған экс-полицей ісіне қатысты тың ақпарат шықты

"Соттың үкімімен азамат К. кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу мекемелерінде өтейді. Сонымен қатар кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеуге және педагогикалық қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды. Сотталушыға химиялық кастрация жасауға үкім шықты", - деп хабарлады Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы соттың үкімін қолдады. Үкім заңды күшіне енді.

Жаңалықтар
0