Өңірлер

Жолда адамдарды құтқарып жүрген полицейлердің үстіне мұз қатып қалды – фото

© Photo : Polisia.kzЖолда адамдарды құтқарып жүрген полицейлердің үстіне мұз қатып қалды
Жолда адамдарды құтқарып жүрген полицейлердің үстіне мұз қатып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
28 қаңтар күні Қарағанды ​​жолдарында қарлы боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан 26 жол апаты тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 29 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның өңірлерінде құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Теміртау-Қарағанды ​​жолында полицейлер 40-қа тарта адамды бораннан құтқарды, деп жазды Polisia.kz.  

Теміртау жақтан 12 көлік жолда тұрып қалды. Қарағанды облысы полиция департаментінің қызметкерлері Дамир Құдайберген мен Рысқали Жазықбаев барлық адамды шағын автобуспен 8-10 адамнан эвакуациялап, оларды кері қайтарды. Көліктер әзірге тасжолда қалды.

Полицейлердің фотосынан көріп отырғаныңыздай, жолдың көрінуі нашарлап, ауа температурасы төмендеген.

© Photo : Polisia.kzТеміртау-Қарағанды жолында 40-қа тарта адам құтқарылды
Жолда адамдарды құтқарып жүрген полицейлердің үстіне мұз қатып қалды – фото - Sputnik Қазақстан
Теміртау-Қарағанды жолында 40-қа тарта адам құтқарылды

Қарағанды ​​жолдарында қарлы боран мен жолдың нашар көрінуі салдарынан 28 қаңтар күні таңғы сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін 26 жол апаты тіркелді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Синоптиктер ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Қайғылы жағдайлардың алдын алу және шығынды барынша азайту мақсатында 43 жолды жабу бекеті орнатылды, 130-дан астам полиция қызметкері жұмылдырылды.

Қарағанды ​​облыстық полиция департаменті тұрғындардан ауа райы нашарлағанда қаладан шықпауды сұрайды.

Жаңалықтар
0