Өңірлер

Қазақстанның қай өңірлерінде жол жабық

© Sputnik / Абзал КалиевБуран в Нур-Султане
Буран в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автомобиль жолдарының көбі Ақмола және Қарағанды облыстарында жабық. 32 учаскеде көлік қозғалысына тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар — Sputnik. Қатты боран салдарынан Қазақстанның сегіз аймағында республикалық маңызды жолдар әлі жабық.

"Ауа райы қолайсыздығына байланысты 3667 километр қашықтықтағы сегіз облыстың 32 учаскесінде жол қозғалысы тоқтатылған. Бұл республикалық маңызды жолдардың барлығының 14,7%-і. Тас жолдардың көбі Ақмола және Қарағанды облыстарында жабық", - деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Ведомство мәліметінше, бүкіл республикадағы тас жолдарға 780 техника жұмылдырылған.

Қазақстанда қандай тас жолдар жабық

  • Екатеринбург-Алматы, 856-917 км, Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы - Жақсы ауылы учаскесі
  • Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті, 16-205 км, Нұр-Сұлтан - Павлодар облысының шекарасы учаскесі
  • Екатеринбург-Алматы, 1007-1247 км (Атбасар-Нұр-Сұлтан)
  • Нұр-Сұлтан-Петропавл, 18-231 км (Нұр-Сұлтан-Щучинск)
  • Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау, 32-51 км (Қабанбай батыр-Қарағанды облысының шекарасы)
  • Екатеринбург-Алматы, 1291-1353 км (Жібек Жолы - Қарағанды облысының шекарасы)
  • Щучинск-Зеренді, 0-80 км (Щучинск-Зеренді)
  • Нұр-Сұлтан-Қорғалжын, 38-180 км (Акмол-Қорғалжын қорығы)
  • Макинск-Ақсу-Торғай, 0-240 км (Макинск-Торғай)
  • Көкшетау-Атбасар, 100-184 км (Балқашин-Атбасар)
  • Самара-Шымкент, 773-965 км (Белогорка-Қарабұтақ)
  • Самара-Шымкент, 618-703 км (Қобда-Маржанбұлақ)
  • Ақтөбе-Орск, 70-135 км (Қосестек-РФ шекарасы)
  • Үшарал-Достық, 83-184 км (Көктума-Достық)
  • Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, 15-105 км, Белоусовка ауылы-Риддер учаскесі (тіркемесі бар жүк көлігі үшін)
  • Алматы-Өскемен, 971-1068 км (Қалбатау-Қ.Қайсенов)
  • Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, 105-123 км (Шемонаиха-РФ шекарасы)
  • Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы, 36-102 км (Предгорное-Шемонаиха)
  • Жезқазған-Петропавл, 138 -252 км, Ұлытау ауылы-Қостанай облысының шекарасы учаскесі
  • Екатеринбург-Алматы, 1504-1620 км, Қарағанды-Ақсу ауылы-Аюлы учаскесі.
  • Екатеринбург-Алматы, 1291-1426 км, Ақмола облысының шекарасы – Теміртау қаласы учаскесі.
  • Екатеринбург-Алматы, 1426-1447 км.
  • Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Киевка-Теміртау, 51-102 км (Ақмола облысының шекарасы-Киевка)
  • Қызылорда-Павлодар, 972-1135 км (Қарағанды облысының шекарасы-Павлодар облысының шекарасы)
  • Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара, 231-324 км, Павлодар облысының шекарасы – Ботақара ауылы учаскесі
  • Қарағанды-Аягөз-Бұғаз, 17-217 км, Қарағанды- Қарқаралы учаскесі
  • Жезқазған-Петропавл, 11-136 км (Жезқазған-Ұлытау)
  • Жезқазған-Петропавл, 252-340 км, (Қарағанды облысының шекарасы-Арқалық)
  • Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті, 200-242 км, Ақмола облысының шекарасы – Бозшакөл ауылы учаскесі
  • Қызылорда-Павлодар, 1135-1367 км (Қарағанды облысының шекарасы - Ленинский)
  • Қалқаман-Баянауыл-Керней-Ботақара, 0-231 км, Қалқаман-Қарағанды облысының шекарасы
  • Екатеринбург-Алматы, 835-856 км, Чистополье ауылы-Ақмола облысының шекарасы учаскесі.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 1403 телефонын нөміріне хабарласуға болады.

Жаңалықтар
0