Өңірлер

Жүк көлігі бораннан қорықпайтын жүргізушілердің жолын бөгеді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЗанесенная снегом трасса, архивное фото
Занесенная снегом трасса, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елімізде боранның соғуы мен жолдың нашар көрінуіне байланысты 30 астам жол учаскесі жабылды. Жол қызметтері жүргізушілердің жабық тас жолға шығып кетпеуі үшін қолдан келгеннің бәрін істеп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар — Sputnik. "Қазавтожол" ұлттық компаниясы боранның соғуына байланысты елімізде жолдардың жабылып жатқаны туралы хабарлады. Жүргізушілер қолайсыз ауа райында тас жолға шықпас үшін астанадан Щучинскке баратын жол жүк көлігімен жабылды.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты үлкен жүк көлік техникасы жол пайдаланушылардың қауіпсіздігі үшін "Нұр-Сұлтан - Щучинск" төлем ақы алу пунктінің алдына көлденеңінен қойылды", - деп хабарлады "Қазавтожол" ұлттық компаниясы.

Сонымен қатар, келесі автожолдарда көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды:

1.Нұр-Сұлтан-Петропавл, 18-231 км (Нұр-Сұлтан-Щучинск)
2. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 232-260 км (Қостанай обл.шекарасы-Сұрған)
3. Жезқазған-Петропавл, 377-595 км (Қостанай обл.шекарасы-СҚО шекарасы)
4. Жақсы-Есіл-Бұзылық, 0-82 км
5. Екатеринбург-Алматы, 917-1247 км (Жақсы-Нұр-Сұлтан)
6. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті, 16-200 км (Нұр-Сұлтан-Павлодар обл.шекарасы)
7. Екатеринбург-Алматы, 856-917 км (СҚО шекарасы-Жақсы)
8. Солтүстік айналма жолы
9. Самара-Шымкент, 773-965 км (Белогорка-Қарабұтақ)
10. Ақтөбе-РФ шекарасы, 39-135 км (Шәмші Қалдаяқов-РФ шекарасы)
11. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, 0-234 км (Қарабұтақ-Қостанай обл.шекарасы)
12. Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз, 0-401 км (Қандыағаш-Ырғыз)
13. Самара-Шымкент, 965-1153 км (Қарабұтақ-Ырғыз)
14. Өскемен-Риддер-РФ шекарасы, 15-105 км (Белоусовка-Риддер)
15. Қарағанды-Аягөз-Бұғаз, 707-941 км (Аягөз-Бұғаз)
16. Қостанай-Әулиекөл-Сұрған, 3-232 км (Қостанай обл.шекарасы-Ақмола обл.шекарасы)
17. Екатеринбург-Алматы, 555-729 км (Тобыл-СҚО шекарасы)
18. Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай, 231-458 км (Тобыл-Ақтөбе обл.шекарасы)
19. Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл, 0-167 км (Денисовка-РФ шекарасы)
20. Жезқазған-Петропавл, 252-377 км (Қарағанды обл.шекарасы-Ақмола обл.шекарасы)
21. Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шидерті, 200-242 км (Ақмола обл.шекарасы-Бозшакөл)
22. Волошинко-Сергеевка-Тимирязево, 0-119 км
23. Екатеринбург-Алматы, 729-795 км (Қостанай обл.шекарасы-Рузаевка)
24. Жезқазған-Петропавл, 595-795 км (Ақмола обл.шекарасы-Сергеевка)
25. Көкшетау-Рузаевка, 102-196 км (Саумалкөл-Рузаевка)
26. Тимирязево-Сарыкөл-СҚО шекарасы, 0-31 км
27. Нұр-Сұлтан-Теміртау
28. Щучинск-Зеренді
29. Макинск-Ақсу-Торғай
30. Қызылорда-Павлодар, 970-1135 км (Қарағанды-Павлодар обл.шекарасы)
31. Қызылорда-Павлодар, 1135-1206 км (Қарағанды обл.шекарасы-Шидерті)
32. Екатеринбург-Алматы, 1446-1457 км (Теміртау-Қарағанды).

Республикалық маңызы бар автожолдарда 754 техника жұмылдырылған екен.

Қазавтожол жүргізушілерге жол ережесін сақтау, рұқсат етілген жылдамдықты асырмау, қауіпсіз қашықтықты сақтау қажеттілігі туралы ескертеді. 

Сонымен қатар, сапарға тек қысқы дөңгелектермен шығуға кеңес береді. Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөміріндегі байланыс орталығына хабарласуға болады.

Жаңалықтар
0