20:40 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
173910

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі Болат Бақауовтың ұсталғанын жоққа шығарып, оның қайда екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысының әкімдігі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы өңірдің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі өңір басшысы Болат Бақауов жұмыс орнында жоқ екенін, бірақ ол қалада екенін атап өтті.

"Таңертең ол инвесторлар үйінде кеңес өткізуі қажет болған. Бірақ жұмыс кестесінің өзгеруіне байланысты кездесуді әкімнің орынбасары Арыстан Қабікенов өткізді", - дейді әкімдіктегілер.

Осыған дейін баспасөз қызметі Болат Бақауовтың қатысуымен өтетін екі алқа отырысының өтпейтінін хабарлады.

WhatsApp-та тараған ақпарат

Кеше WhatsApp мессенджерінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың ұсталғаны туралы хабар тарады. Аудиода әкімнің 15 қаңтар күні ұсталғаны айтылған.

Кейін Павлодар облысы әкімдігі Facebook-тегі парақшасында бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде "Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр" деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз", - делінген хабарламада.

Болат Бақауов 2016 жылдың наурыз айында Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды. 

Тақырып бойынша

Бағасы қанша: Бизнесмен Павлодар облысы әкімінің портретін сатып алды
"Павлодар облысының әкімі ұсталды": әкімдік WhatsApp-та тараған ақпарат туралы айтты
Тоқаевтың тапсырмасы: әкімдер әлеуметтік желіде не бітірді?
29 жастағы шенеунік Павлодар облысы әкімінің орынбасары болды
"Біздің облыстың патриоты емессіздер": Бақауов сұраққа нақты жауап бермеді
Кілт сөздер:
видео, Болат Бақауов, павлодар облысының әкімі
Загрузка...

Басты тақырып