16:52 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
1291320

Түрме бастығы шымкенттік шенеуніктерді абақтының ұзын дәлізімен ертіп жүріп, камералар мен әр бөлімін көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Шымкентте әкімдер мен әкімдікке бағынышты басқармалардың басшылары жаппай абақтыға жеткізілді.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мамандары осылайша шенеуніктерге түрме туралы ескертіп, параға жоламайтындай қылмақшы, деп хабарлады КТК.

"Былтыр бізде жемқорлыққа қатысты 60 қылмыстық іс тіркелді.  Басты мақсат – есеңгірету емес, осы жердегі жағдаймен таныстыру және осындай жемқорлық қылмыстарының алдын алу. Жемқор болсаңдар, осы жерге түсесіңдер деген ескерту десе де болады", - дейді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қалалық департаментінің басқарма басшысы Нариман Қасымбеков.

Тағы оқыңыз: Алматыда инспекторлардың жол үстінде ұсталған сәті видеоға түсірілді

Шымкентке қарасты төрт аудан әкімі мен олардың орынбасарлары, 22 басқарманың басшысы мен қосшысы бар 60-тан аса шенеунік түрмеге арнайы автобуспен жеткізілген. Көліктен түсе сала, көпшілігі бірден медициналық маска киіп, көзін тұмшалап әуреге түсті. Оларды абақты бастығы түрменің ұзын дәлізімен ертіп жүріп, камералар мен әр бөлімін көрсетті.

Қазір мұнда жазасын күтіп отырған 490 адамның 40-тан астамы бұрынғы мемлекеттік қызметкер екен. Өкінішке қарай, қазіргі шенеуніктер экс-әріптестерімен кездесе алмады. Бір сағаттай уақытша қамау абақтысында болған шымкенттік шенеуніктер түрме есігі ашылар-ашылмастан тұра қашты. Көргені ұнамаған болуы керек, әйтеуір сұхбат беруге келгенде бәрі тілден айырылды.  

– Маскаңызды шешуге бола ма?

– Нең бар менің маскамда?

– Енді бетіңізді түсірейік те, жасыратын нәрсе жоқ шығар мына жерде.

– Мен жақтырмаймын микрофонды.

– Жәй ашық сұхбат алуға, ойыңыз қандай?  Түйген ой болды ма сіз үшін?

–Жо-жоқ, ештеңе болған жоқ. 

– Енді мен не айтам? Қандай әсер болды деп. Қуанышты әсер болды деп те айта алмаймын. Отырған жерлерімен танысып шықтық.

– Қорқынышты ма?

– Қорқынышты.

– Ішіңізден бірдеңе айттыңыз ба, Құдай сақтасын дегендей.

– Жоқ, ештеңе айтқан жоқпын. 

Тақырып бойынша

Ақтөбеде 700 мың теңге пара алған басшының ұсталған сәті видеоға түсіп қалды
Бұрынғы облыс әкімінің інісі 500 миллион жымқырды деген күдікке ілінді  
"Заңның аты - заң": Сағынтаев отставкасы туралы сауалға жауап берді
Қазақстанда 6 әкім ұсталды
Қазақстанның солтүстігінде әкім 3 миллион теңге парамен ұсталды
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?
Кілт сөздер:
әкімдер, жемқорлық
Загрузка...

Басты тақырып