04:43 01 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD425.05
  • EUR509.29
  • RUB5.58
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
3722 0 0

Құлдықтан қашып құтылған бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі болып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар – Sputnik. Алматыда 25 жастағы бойжеткен өзін біреулер ұрлап әкетіп, жезөкшелік жолға түсірімек болғанын айтып шағымданды.

Денесінің сау тамтығы қалмай таяқ жеген жәбірленушінің айтуынша, оны әуелі бір үйде соққыға жығып, кейін жеңіл жүрісті қыздардың ордасына алып барған. Ең сорақысы, бойжеткенді екі күн қамауда ұстағандардың бірі оның бұрынғы жеңгесі екен.

Қатты соққыдан есеңгіреп әрең тілге келсе де, жәбірленуші полицейлерге өзін қай жерде және кімдердің қамап ұстағанын көрсетіп берді, деп хабарлады КТК. 

"Зорлық-зобылықтың құрбаны болдым" деген 25 жастағы бойжеткеннің басы жарылып, үсті-басы түгел қанталап кеткен. Ауыр соққыдан есеңгіреп, әлсіреп қалыпты.

"Қарап тұрмаңдаршы, бәрің неге қарап тұрсыңдар?! Тамақ ішетін ожаумен, сосын тоқ ұзартқыштың бауымен буындырып, арқамнан теуіп, қолымен ұрып, тізесін батырды", - дейді жәбір көрген қыз.

Бойжеткеннің айтуынша, жұмыстан қайтқан бетінде оны ұрлап кетіп соққыға жыққандардың бірі туысқан ағасының бұрынғы әйелі екен. Ең сорақысы, қорғансыз жанды аяусыз тепкілегендер оны қорқытып-үркітіп, жеңіл жүрісті қыздардың қатарына қоспақ болыпты.

"Жезөкше болып жұмыс істейсің, әйтпесе, қағаздар жасап қойдым, апарып әке-шешеңе көрсетемін деді. Северное кольцо 32/Д немесе Г мекен-жайында автожуғыш бар, соның жертөлесінде жезөкшелер ордасы бар. Кешкісін мені сол жерге алып барды", - деп түсіндірді бойжеткен.

Тағы оқыңыз: Көкшетауда қыздарды алып қашып, секс-құлдыққа салған екі адам сотталды

Осылайша екі күн құлдықта болған ол ретін тауып, түн ішінде жақындарына хабарласқан. Өзін қай жерде күштеп ұстап отырғанын айтып үлгеріпті. Бірақ айтылған мекенге тәртіп сақшыларымен бірге жеткен туысқандары үйге кіре алмай, кері қайтыпты. Ал істің насырға шапқанын білген сыбайластар ертеңіне оны Сайран автобекетіне ертіп әкелген.

"Толық қыз сіңлімнің қасында келді. Сіңлімді көрдім. Құшақтап амандасқанда, "әпше, маған көмектесші, алып қашшы" деп жылады", - дейді әпкесі.

Алайда үйге жеткенше, белгісіз көлік аңдып келгенін айтқан әпкесі "сыртқа шығуға қорқамыз" дейді. 

"Екі жігіт торуылдап жүр" деген олар тек біздің көз алдымызда полиция шақырды. Ал тәртіп сақшыларына мән-жайды түсіндірген жәбірленуші өзін қай жерде күшпен ұстағанын көрсетіп берді.

- Мына жасыл қақпа. Қорқамын аға, кете берейінші, өтініш. Шығып қалса, қорқамын.

- Басқа қыздар болды ма?

- Иә, ішінде болды.

- Олар кім?

- Олар сол тәтеге жұмыс істейтіндер.

Жәбірленуші көрсеткен үй маңайында әп-сәтте сақшылардың қарасы  көбейіп, тіпті оқиға орнына жедел-тергеу тобы алып-ұшып жетті. Абыр-сабырды естіген көршілер бұл үйден талай рет жеңіл жүрісті қыздарды көргенін айтады. Ал алғашында қақпасын ашудан бас тартқан үй иесі, артынша полицейлерге тап берді.  Полицейлер үйдің ішін тінтіп, бірнеше адамды ішкі істер басқармасына алып кетті. Ал айдың күннің аманында зорлық көрген бойжеткен әлі де қауіпсіздігі үшін алаңдайтынын жасырмады.

Тақырып бойынша

Оңтүстік Корея азаматтары Алматыда 20-23 жастағы қыздарды жезөкшелікке салған
Атырауда Алматы тұрғыны науқас қыздарды күштеп жезөкшелікке салған
Шымкентте аяғы ауыр келіншекті үш айы бойы жезөкше болуға мәжбүрлеген
"Ақшаның астында қаласың". Кореяда жұмысқа тұрғызуға уәде берген алматылық әйел ұсталды
Кілт сөздер:
Алматы, жезөкшелік
Загрузка...

Басты тақырып