Өңірлер

Қарағандыда мас күйінде ұсталған жүргізуші бес жылға сотталуы мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневПьяный водитель за рулем, иллюстративное фото
Пьяный водитель за рулем, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 қаңтардан бастап алкогольді ішімдік ішіп, көлік жүргізу жауапкершілігін күшейтетін заң күшіне енді 

НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар – Sputnik. Қарағанды тұрғыны екінші рет мас күйінде көлік жүргізгені үшін бес жылға дейін сотталып, өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін, деп хабарлады Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 11 қаңтардан бастап бірнеше заң күшіне енді

"Сенбі, 11 қаңтарда полиция қызметкерлері Қарағанды ​​қаласының 37 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатты. Ол 2018 жылы соттың шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылып, тағы да мас күйінде рөлге отырған", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Алмаз Саламатов.

Жүргізуші уақытша ұстау абақтысына қамалды.

"Бұл азамат өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылып, бес жылға дейін сотталуы мүмкін", - деді Саламатов.

Бұл мас күйінде көлік құралын жүргізу жауапкершілігін күшейтетін заң күшіне енгеннен кейін Қарағанды ​​облысында жасалған алғашқы құқықбұзушылық.

Полиция департаменті барлық құқық бұзушыға осындай қатаң шаралар қолданылатынын ескертті.

Жаңалықтар
0