Өңірлер

Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуМужчина во время снегопада
Мужчина во время снегопада - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2020 жылдың қаңтар айына ауа райы болжамы жарияланды. Қыстың екінші айының соңында ауа температурасы едәуір төмендейді деп болжанып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 31 желтоқсан – Sputnik. Қаңтар айында ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Болжамға сәйкес, қаңтар айының бірінші онкүндігінде республика аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, тұман және көктайғақ, солтүстік бөлігінде бұрқасын, екпінді жел болады.

Бірінші онкүндіктің ортасында күн суытады, батыста ауа температурасы түнде 5...15, солтүстікте 10...25 градус аязға дейін төмендейді, оңтүстікте онкүндіктің соңында 3...11 градус аяз болады.

Тағы оқыңыз: Жаңа жылға ауа райы болжамы

Екінші және үшінші онкүндікте те суық күндер болады деп болжанып отыр, ауа температурасының едәуір төмендеуі айдың үшінші онкүндігінде күтіледі. Солтүстікте түнде 20...25, кей жерлерде 30, күндіз 15...20, кей жерлерде 10 градус аяз, оңтүстікте түнде 17...22, кей жерлерде 12, күндіз 10...15, кей жерлерде 5 градус аяз болады.

Жалпы, қаңтар айының орташа ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек республиканың батыс, солтүстік және шығыс өңірлерінің кей жерлерінде қалыпты шамада болжанған.

Жауын-шашын мөлшері еліміздің солтүстік-шығыс бөлігінде нормадан аз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс, шығыс өңірлерінің таулы жерлерінде нормадан көп, ал қалған аймақтарда климаттық норма шамасында болады.

Жаңалықтар
0