Өңірлер

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау тұрғындарын ұстады

© ДВД АлматыЗадержание. Архивное фото
Задержание. Архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
139 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 11 килограмм қара уылдырық заңсыз айналымнан алынды, мемлекетке 64 миллион теңгеден астам зиян келді

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан –Sputnik. Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысындағы департаменті Каспий теңізі айлағында балықты заңсыз аулаған браконьерлерді қолға түсірді, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Прокурорлар қылмыс үстінде ұсталды – ҰҚК 

Атырау қаласында жергілікті тұрғындар тобы балықтардың бекіре тұқымдарын оны одан әрі өткізу мақсатында аулау және уылдырық алу бойынша заңға қайшы әрекет ұйымдастырған.

"Ұсталғандардың қылмыстық әрекетінің салдарынан мемлекетке 64 миллион теңгеден астам зиян келді, заңсыз айналымнан 139 килограмм бекіре тұқымдас балық пен 11 килограмм қара уылдырық алынды", - делінген хабарламада.

ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 335-бабы 3-бөлігі 1, 4-тармақтары ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу"), 339-бабы 2-бөлігі 2-тармағы ("Өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Жаңалықтар
0