Өңірлер

Үш жасар қызды да аямаған: Сот үкімі марқұмның туыстарын есеңгіретіп тастады

© AP Photo / Marcus Brandt Наручники, фото из архива
 Наручники, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Судья мамлюттік қаскөйдің өз кінәсін бірден мойындағанын алға тартып, жеңілірек жаза кесті. Алайда бұл үкімді марқұмның туыстары құптамады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Петропавлда екі адамды айуандықпен өлтірген қаскөй 21 жылға сотталды. Бұған дейінгі сот отырысында прокурор 39 жастағы Айнагүл мен 3 жастағы қызы Әминаның өмірін қиған Игорь Дементьевті өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұраған.

Алайда судья сотталушының өз кінәсін бірден мойындағанын алға тартып, жеңілірек жаза кесті. Аса қатігездікпен жасалған қылмысқа қатысты шешімді марқұмның туыстары құптамайды. Олар сотқа қайта шағым қалдырмақ. Себебі, жантәсілім еткен адамның біреуі – бүлдіршін.

"Екі адамның өмір қиған қылмыскерді 21 жылға соттау – күлкілі. Оның сыртында кәмелет жасына толмаған бір бала жетім қалды. Мұндай масқара тек қана біздің елде ғана бар шығар? Айтарға сөзім жоқ", - деді марқұмның туысы Айжан Тоқаева.

Қаскөй анасы мен қызына күш көрсетіп қана қоймай, есін жиғызбастан пышақ сілтегенін ашық мойындап отыр. Көптің жағасын ұстатқан қанды оқиға тамыз айында Мамлют ауданында болды.

Қора ішінен азаптап өлтірілген анасы мен қызының денесі табылып, оған басты күдікті ретінде 25 жастағы Игорь Дементьев ұсталған болатын, деп хабарлады КТК.

Күйеуін өлтіріп, анасының қабіріне көмген: елордалық әйелдің адам шошырлық қылмысы 

Тергеу материалдарына сүйенсек, Игорь Дементьев азаматтық некеде болған келіншек пен оның бөбегін алдымен бөренемен ұрып, артынан пышақтаған.

Сотталушының адвокаты оның пышақ қолданғанын екеуін де "жанын қинамай өлтіргісі келген" деп түсіндірді.

Жаңалықтар
0