Өңірлер

Жардан құлаған: Қазығұртта қартаң әйел жүре алмай отырған жерінен табылды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи
Автомобиль скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жайылымнан келмеген малын іздеп шыққан тұрғынның аяғы тайып, үш метр тереңдіктегі жардан құлап кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері жардан құлап, 5 сағаттай жатып қалған тұрғынды құтқарды, деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі.   

Қазығұрт АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын кешке жайылымнан келмеген малын іздеп шыққан 60 жастағы анасының із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған. 

Тағы оқыңыз: "Бұтақтан ұстап тұрмын!". Ақтөбеде жоғалған фермердің денесі табылды 

Учаскелік инспектор полиция майоры Аспандияр Жайын тез арада қамданып, жоғалған тұрғынның үйіне жетеді.  

Полицейдің анықтауынша, 1958 жылы туған тұрғын сиыры келмеген соң, кешкі сағат 18:00 шамасында өзі іздеп шығып кеткен. Арадан бірнеше сағат өткен соң ұлы полицияға хабар берген. Содан жергілікті тұрғынды полицейлермен қатар көршілері, ағайын-туыстары бірлесіп іздеуге шыққан. Нәтижесінде түнгі сағат 23:30 шамасында әйелді тауып алды. Ол мал жайылымына барарда 3 метр тереңдіктегі жардан аяғы тайып құлап, жүре алмай отырғандығы анықталды.

5 сағаттан астам жарда жатқан апаның айтуынша, ол үйіне хабарласайын десе, ұялы телефоны үйінде қалып қойған. Жергілікті тұрғынның үйімен оқиға орнының арасы 1,5 шақырымнан астам қашықтықты құраған. Оқиға орнына тез арада жедел-жәрдем шақыртылып, ақжаулықты ана ауруханаға жатқызылды.

Әйелдің ұл-қыздары анасын тауып бергендері үшін полицейлерге алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.  

Жаңалықтар
0