НҰР-СҰЛТАН, 19 шілде — Sputnik. Батыс Қазақстанда адам үшін қауіпті улы өрмекші – қарақұрт қаптады, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.
Адамдар далаға шығуға, балаларын ойнауға жіберуге қорқып отыр.
Асан елді мекенінің тұрғыны өз үйінің ауласындағы өрмекшіні суретке түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады.
Энтомолог маман Ділдә Ақбауленова Батыс Қазақстанның климаты қарақұрттардың тіршілік етуіне қолайсыз екенін атап өтті – олар негізінен шөл және жартылай шөл далада мекендейді.
Ал Орал обамаға қарсы станциясының мамандары Батыс Қазақстан аумағында қарақұрт кездесетінін, ал қазір олардың көбею маусымы екенін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Адам үшін ең қауіптісі – қарақұрттың ұрғашысы. Олардың аталықтардан айырмашылығы теріні тістеп алуы мүмкін.
Қарақұрттың шаққаны бір-екі күннен кейін ғана сезіледі. Белгілері – асқазандағы және бұлшықеттердегі ауырсыну.