Өңірлер

Павлодардың екі тұрғыны өз балаларын тонап кетті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуЕр адам басын ұстап отыр
Ер адам басын ұстап отыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам қызының мойнындағы қымбат бағалы алқасын шешіп алып, қашып кеткен

ПАВЛОДАР, 18 шілде – Sputnik. Павлодар тұрғыны туған қызының мойнындағы алқаны ұрлап әкетті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Жанна Белялова.

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, 16 шілде күні кешке Айманов көшесіндегі 46 үйдің ауласында алты жасар қызын көріп кетуге келген 40 жастағы әке оның 200 мың теңге тұратын алқасын ұрлап алған. Содан кейін қашып кеткен.

Тағы оқыңыз: Намазды дұрыс оқымаған өгей баласын ұрып өлтірген Шымкент тұрғыны сотталды

Тағы бір 36 жастағы павлодарлық дүкенде тоғыз жастағы ұлының екі мың теңгесін ұрлап алған. Жұмыссыз жүрген тұрғын бірінші жағдайдағыдай қылмыс жасағаннан кейін ізін суытқан.

"Екі факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктілер іздестіріліп жатыр", - деп жазылған полицияның баспасөз хабарламасында.

Жаңалықтар
0