Өңірлер

Арыстағы жарылыс: министрлік жоғалған балалар туралы айтты

© Sputnik / Анастасия КуприяноваПлюшевая игрушка на детской площадке, архивное фото
Плюшевая игрушка на детской площадке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер вице-министрі хабарлағандай, жарылыстан зардап шеккен 19 бала Шымкентке жеткізілген

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Арыс қаласында жоғалған және адасып кеткен балалар жоқ. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ильиннің айтуынша, зардап шеккен 19 бала Арыс қаласынан Шымкентке жеткізілген. Бір жасқа дейінгі үш сәбиді ата-анасы түн ішінде алып кетіпті.

Тағы оқыңыз: Арыста әлі де жарылыс қаупі бар - министрлік

"Басқа елді мекендерде қалған балалар бар. Ата-анасы олардың қайда екенін біледі. Дәл қазір жоғалған балалар жоқ", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған қоса, Ильин денсаулық сақтау министрлігі мен ішкі істер министрлігінің жарылыстан зардап шеккендердің санына қатысты мәліметі неге әртүрлі екенін түсіндірді. Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі қан қысымы көтерілген адамдарды есепке алса, ішкі істер министрлігі жарылыс салдарынан жарақат алғандарды ғана есептейді екен.

"Өкінішке қарай, мемлекеттік органдардың әрқайсысы әртүрлі цифр келтіріп жатыр. Қазір бәрін бір ретке келтіру үшін төтенше жағдайлар комитетінің базасында жедел басқару орталығының жұмысы ұйымдастырылды", - деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар, брифинг барысында БАҚ өкілдері Арыс перзентханасындағы аналардың жағдайы туралы сұрады. Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша, 26 жедел жәрдем бригадасы (оның төртеуі Жамбыл облысынан қосылған) перзентхана қызметкерлері мен онда жатқан әйелдерді Шымкент қаласына көшірген.

Тағы оқыңыз: Жарылыстан кейінгі Арыс - жантүршігерлік видео

"Қазір әйедердің жағдайы орташа, өміріне ешқандай қауіп-қатер төніп тұрған жоқ. Шымкентте барлық медициналық қызмет толығымен көрсетіліп жатыр", - деп сендірді ол.

Арыстағы жарылыс

Қазақстандықтарды дүрліктірген жарылыс 24 маусым күні таңертең болды. Түркістан облысы Арыс қаласындғы әскери бөлім аумағында өрт шығып, оқ-дәрілер жарылған.

Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Төтенше оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, оның бірі – әскери қызметкер. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жарылыстан кейін 165 тұрғын дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Жарылыстан кейін қару, басқаларға қауіп тудыратын заттар мен нәрселерді сақтау ережесін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер органдары жағдайды өз бақылауына алды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласына аралап, сондай-ақ эвакуация бекетіндегі тұрғындармен кездесті. Мемлекет басшысы жарылысқа кінәлілердің заң жүзінде қатаң жазаланатынын айтты.

Жаңалықтар
0