Өңірлер

"Шұғыл түрде шешу керек": Тоқаев жаңа министрге тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша жүргізілген гидрологиялық жұмыстарға байланысты экологиялық қауіпті жағдай қалыптасқан

НҰР-СҰЛТАН,  22 маусым - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министріне алғашқы тапсырмасын берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

"Ақтөбеде өзен арнасын кеңейту бойынша гидрологиялық жұмыстардың дұрыс ойластырылмағанынан экологиялық қауіпті жағдай қалыптасып отыр. Мәселені шұғыл түрде шешу керек. Бұл жаңадан құрылған министрліктің басшысына алғашқы тапсырма", - деп жазды мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Тоқаевтың жарлығымен 17 маусымда құрылды. Жаңа ведомствоны Мағзұм Мырзағалиев басқарады, ол жаңа қызметке дейін энергетика вице-министрі болған еді.

Тағы оқыңыз: Бозымбаев жаңа министрлікке басшы болған орынбасары туралы ойын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев ант беру рәсімі кезінде сөйлеген сөзінде бірыңғай экологиялық саясат және жаңа экология кодексі қажет екенін айтқан болатын.

Қазір экология кодексінің жобасы талқыланып жатыр, оны биылғы жылдың желтоқсанында парламентке ұсыну жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0