20:51 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
529 0 0

Үшемнің дүниеге келуі 17 жастағы Ирина мен оның жұбайы үшін тосынсый болды

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Қостанай облысындағы Лисаковск қаласының тұрғыны егізге жүктімін деп жүріп, үшемді дүниеге әкелді.

Өңірлік Алау басылымының мәліметінше, қуанышты оқиға Лысак отбасында болды. Он жеті жастағы Ирина егізге аяғым ауыр деп жүргенде, салмағы 1,4-тен 2,1 келіге дейін екі қыз бен бір ұл босанды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, жас ана мен сәбилерінің жағдайы жақсы.

Иринаның өзі аман-есен қол-аяғын бауырына алып, үшемнің анасы атанғаны дәрігерлердің арқасы деп отыр.

"Біз егіз күтіп жүрген едік, бұл тосынсый болды. Сондай бақыттымыз, төбеміз көкке жеткендей. Бұл біздің алғашқы немерелеріміз. Тосынсый болған үшінші сәбиге қатты қуандық", - деді үшемнің әжесі тілшілерге.

Еске сала кетсек, сәуірдің ортасында Қырғызстанда керісінше жайт болды. 24 жастағы Гүлзина Әбдімәжитова үшемді күтіп жүргенде, егіз босанған. Дәрігерлердің айтуынша, ультра дыбыстық зерттеу кезінде үшінші нәрестенің сұлбасы қате көрінген болуы мүмкін.

Тақырып бойынша

Өзбекстан президенті үшем дүниеге келген отбасыға ерекше тосынсый жасады
Екі ұл, бір қыз: Астанада үшем дүниеге келді
Ақтауда 35 жастағы әйел үшем туды
Үшінші бала қайда кетті: үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
Үшемнің орнына егіз босанды: "жоғалған" нәрестеге байланысты тексеріс аяқталды
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, үшем
Загрузка...

Басты тақырып