НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Маңғыстаудағы Бозжыра шатқалына барған америкалық туристермен қатар жергілікті тұрғындар да таңғалды. Олардың бәрінің шашы тікірейіп кеткен, деп хабарлайды Lada.kz.
Мамандар бұл құбылыс ауаның электрленуінің әсерінен болғанын айтады. Бірнеше жыл бойы Маңғыстау өңіріне экспедиция ұйымдастырушы Сергей Хачатрян мұндайды бірінші рет көрген екен.
"Бұл жолы Бозжыра шатқалына америкалық туристерді әкелген едім. Ең биік нүктеге көтерілген кезде түсініксіз жағдайға тап болдық. Қолымызды көтерген кезде бір нәрсенің сатыр-сұтыр еткен дыбысы естілді. Тоқтың дыбысына ұқсайды. Бұдан соң бәріміздің төбе шашымыз тік тұрды деп айтуға болады", - деді Сергей Хачатрян.
Физиктер мұндай құбылыс таңғаларлық жағдай емес деп отыр.
Тағы оқыңыз: Маңғыстауда төпелеп жауған ірі бұршақ малды қырып кетті - видео
"Жердің өзінің заряды болады. Бұл жолы күн бұлтты, ауа ылғалды болған. Сондықтан ауа мен жер қуаты түйісті", - деді геолог-геофизик Геннадий Тарасенко.