Өңірлер

Ақтөбе жұртшылығы Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетті

© Photo : предоставлено пресс-службой акимата АктобеДимаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығы құрметіне мерекелік медальмен марапатталды
Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығы құрметіне мерекелік медальмен марапатталды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгілі әнші Димаш Құдайберген туған жері Ақтөбе өңірінде қонақта жүр

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Димаш Құдайберген Ақтөбенің 150 жылдығы құрметіне мерекелік медальмен марапатталды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі. 

Ақтөбенің 150 жылдығына орай қалада өткен мерекелік іс-шараларға осы өңірдің тумасы әнші Димаш Құдайберген қатысты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Евразийский фан-клуб Димаша (@dimash_eurasiandears)

Облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қазақстанды әлемге танытып жүрген өнер иесін "Ақтөбенің 150 жылдығы" мерекелік медалімен марапаттады. Димаш Құдайберген облыс әкіміне ризалығын білдіріп, Ақтөбе жұртшылығына өзіне көрсетілген ерекше құрмет үшін алғысын айтты.

© Photo : предоставлено пресс-службой акимата АктобеДимаш Құдайберген "Ақтөбенің 150 жылдығы" мерекелік медалімен марапатталды
Ақтөбе жұртшылығы Димаш Құдайбергенге ерекше құрмет көрсетті - Sputnik Қазақстан
Димаш Құдайберген "Ақтөбенің 150 жылдығы" мерекелік медалімен марапатталды

Бұдан бөлек, Оңдасын Оразалин өңірге есімі белгілі, түрлі салада ерен еңбегімен көзге түскен 6 азаматқа мерекелік төсбелгі тақты.

"Биыл сүйікті қаламызға 150 жыл толып отыр. Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық жағынан өсіп-өркендеуіне қосқан қомақты үлестеріңізге, ерен еңбектеріңізге, азаматтық қоғам құруға белсене қатысқандарыңызға, бейбітшілік пен келісімді сақтауға ат салысқандарыңызға алғысымды білдіремін", - деген облыс әкімі Ақтөбе жұртшылығын мерекемен құттықтады.

Жаңалықтар
0