Оқиға

Алматы облысында жоғалып кеткен қыздың мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазаның себебі сот-медициналық сараптама жасалғаннан кейін белгілі болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Алматы облысында полицейлер мен еріктілер із-түзсіз жоғалып кеткен 18 жастағы Айгүл Амангелдінің мәйітін тапты, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.   

Студент 13 мамыр күні Белбұлақ елді мекеніндегі үйінен Алматыға оқуға кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген.

Қыз 19 мамыр күні кешке Талғар ауданындағы Белбұлақ ауылы маңындағы таулы жерден табылғаны хабарланды.

"Қыздың мәйітін туыстары таныды, оның денесінен зорлықпен өлтірудің қандай да бір сыртқы белгілері табылмады", - деп нақтылады ведомство.

Алдын ала болжам бойынша студент суицид жасаған.

Алматылық жігіт қызды кездесуге шақырып, әжетханада зорлап тастады  

Қазаның нақты себебін сот-медициналық сараптама анықтайды.

Полиция  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу) бойынша тергеу басталғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0