Өңірлер

Алматыда бірнеше жыл жазықсыз түрмеде отырған ғалым ақталып шықты

© AP Photo / Michael ProbstАрхивтегі фото
Архивтегі фото   - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғалымжан Мамытбеков өзін түрмеге жөнелтуге себепші болған тергеушіні сотқа бермек  

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр – Sputnik. Алматыда 8 жылға сотталған ғалым ақыры ақталып шықты. Алайда профессор өзіне кесілген жазаның 3 жылын өтеп қойған.  

Оның нақақтан-нақақ жазаланғаны белгілі болып, істі қайта қараған судья Ғалымжан Мамытбековті сот залынан босатты, деп хабарлады КТК.

Ақтау үкімін естіген бойда ғалымның қарындасы көз жасына ерік берді. Ал Мамытбековтың өзі арқасынан жүк түскендей болды.

39 жыл түрмеде отырған қарияның кінәсі жоқ екені анықталды

"Қазатомөнеркәсіптің" бұрынғы қызметкері мемлекеттің 100 миллионнан аса теңгесін жымқырды деп 8 жылға сотталған еді. Алайда арада 3 жыл өткен соң ұрланған ақшаға қатысы болмағаны анықталып отыр. Жазықсыз түрмеге жабылған азамат ол кезде 50 жаста болған. Артында әйелі мен бала-шағасы жылап қалыпты. Ғалымның ісі биыл қайта тергеуге жіберілген. Енді ақталып шыққан азамат өзін түрмеге жөнелтуге себепші болған тергеушіні сотқа бермек. Ал сол кезде қарсы куәлік еткен жақын әріптесін профессор кешіргенін айтады.

"Ақталатыныма сенген жоқпын. Өте қуаныштымын. Дегенмен де біздің мемлекетімізде заң бар екен, орындалады екен. Ерте ме, кеш пе, бәрі өз орнын тауыпты, өз арнасына түсті", - дейді Ғалымжан Мамытбеков.

Жаңалықтар
0