Өңірлер

Қарағандылық туған қызына пышақ тақады: Оқиғаның қалай болғаны анықталды

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағандыда полицейлер кепілдіктегі екі жасар бүлдіршінді құтқарып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір — Sputnik. Кеше Қарағандыда өзінің екі жасар қызын кепілге алған 34 жастағы ер адам ұсталғанын жазған едік. Оқиғаның қалай болғанын полицейлер айтып берді. 

Алматылық дәрігерлер әкесі таспен ұрған баланың жағдайы туралы айтты

17 сәуір күні сағат 15:20-да 102 телефонына 34 жастағы қала түрғыны отбасылық жанжал салдарынан туысқандарын қуып шығып, өзінің кішкентай қызын үйде кепілдікке алғаны туралы ақпарат түскен. Пәтерге полиция қызметкерлері келгенде азамат өзінің қызын өлтіретінін мәлімдеген. Баланың өміріне қауіп төнгенін байқаған полицейлер келіссөз жүргізуді бастайды.

"Полиция қызметкерлері оқиға орнына азаматтың туысқандарын шақырғанмен, олардың сөзіне құлақ аспады. Арада біршама уақыт өткен соң, ол автокөлік талап етіп, қаладағы орталық мешітке баратынын айтты", - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Полицейлер оның талабын орындаған. Пәтерден күдікті бір қолына қызын, бір қолына баланың мойнына тіреп пышақ ұстап шығады. Мешіттің айналасы қоршауға алынды.

Қызды құтқаруға имам да атсалысты

Мешіт ішіндегі келіссөздерге полиция қызметкерлерімен бірге имам да араласқан. Азамат қызының мойнына пышақ кезеген күйде ешқандай келісімге келмеген. Бірнеше мезеттен кейін өз-өзіне қол жұмсайтынын айтады, дегенмен полиция баланы босатуға көндірген.  

Тұтқындағы баланы босатқан бойда ол өз-өзіне қол жұмсамақ болады, шапшаң қимылдаған полицияның арнайы жасақ қызметкерлері оған жол бермеген.

Ұсталған азамат полицияға жеткізілді. Операция кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Аталаған факті бойынша ҚР ҚК 261-бабының 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жаңалықтар
0