Өңірлер

Алматы облысының кәсіпкерлері өз ауылындағы жоқ-жітіктерге үй алып берді

© Photo : Алматы облысының өңірлік коммуникациялар қызметі Кәсіпкерлер көп балалы отбасыларға баспана сыйлады
Кәсіпкерлер көп балалы отбасыларға баспана сыйлады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкерлер тұрмыс тауқыметін тартып отырған көп балалы отбасыларға баспана сыйлады

АСТАНА, 15 наурыз — Sputnik. Алматы облысының Кербұлақ ауданының кәсіпкерлері көп балалы әрі  жалғыз басты 3 бірдей отбасыға үй алып берді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Астанада кәсіпкер көпбалалы отбасыға 24 миллион теңгенің пәтерін сыйға тартты
Әз-наурыз мерекесі қарсаңында Кербұлақ ауданында өткен қайырымдылық іс-шарасында "Алацем" зауытының бас директоры Станислав Щербаков әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үйдің кілтін табыстады.

"2013 жылы күйеуіммен ажырасқанмын. Үш баламен пәтерден пәтерге көшіп жүргеніме 5 жылдан асты. Балаларым оқушы, тапқан табысым олардың киімі мен тамағынан артылмайды. Енді міне үлкен әрі таза өзіміздің шаңырағымыз бар", - дейді қуаныш иесі Жұмағыз Медетова.

Қоғалы ауылының азаматы, мәслихат депутаты, жеке кәсіпкер Қайрат Бекиев сол ауылда тұратын алты баланың анасы Айгүл Ешпаеваға үй сыйлап, қуанышка кенелтті.

Ал Талдыбұлақ  ауылының азаматы Кален Тұрсынбаев алты баламен үйсіз жүрген Надежда Лемешкоға осы ауылдан жайлы баспана алып берді.

Сонымен қатар, Қаспан ауылының кәсіпкерлері Сламбай Тоқабаев пен Виталий Тарасенко 11 баланың анасы Гүлнәз Шәкенова мен әлеуметтік жағдайы төмен 3 балалы отбасыға азық-түлік алып берді.

Жаңалықтар
0