Өңірлер

Шымкент әкімдігіне жиналған көп балалы аналар әкімнің өзі келуін талап етті

Жазылу
Қала әкімдігіне келген көп балалы аналар баспана, жәрдемақы мәселесін көтерді

ШЫМКЕНТ, 16 ақпан – Sputnik. Бүгін таңғы сағат тоғыздан бастап Шымкент әкімдігіне 300-ден аса әйел жиналды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

15 ақпан күні халық алдында есеп берген қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов көп балалы аналармен кездесуге уәде еткенімен, бүгін жиналғандардың алдына шықпады. Әкімнің орнына жиынға қала басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нұртай бастаған шенеуніктер қатысты.

 Шымкент әкімі Ғабидулла Әбдірахимов - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте көп балалы отбасыларға берілетін көмек 100 мың теңгеге көбеймек
Қала әкімінің орынбасары, көп балалы аналардың мұң-мұқтажын үкіметке жеткізу үшін арнайы құрылған комиссияның төрайымы Гүлжан Құрманбекованың айтуынша, мәселені шешу үшін қала әкімдігі үкіметке ұсыныс берген.  Мысалы,"Алтын алақа", "Күміс алқа" иегерлеріне кезексіз үй беру, мүмкіндігі шектеулі балалары бар көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны отбасының кіріс көзі деп санамау туралы айтылды. 

Үкімет оны қарап 1 наурызға дейін бекітеді. Одан бөлек қала деңгейінде шешетін мәселелер де қаралып жатыр.

"Қала әкімі басқа топтағы кезекті тоқтатып, көпбалалы аналарды, жалғызбасты аналарды, күн көрісі нашар отбасыларды бірінші кезекте баспанамен қамту туралы шешім қабылдап, тапсырма берді", - деді Гүлжан Құрманбекова.

Десе де жиынға келген бірнеше әйел қала әкімінің өзі келсін деп талап етті. Қала әкімі жиынға бәрібір қатыспады.

Жаңалықтар
0