Өңірлер

Ақтауда түрмеден қашып кеткен "Шрек" ұсталды

© REUTERS / Mohammed SalemТүрмеде
Түрмеде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сотталған азаматтың жаза мерзіміне тағы екі жыл қосылуы мүмкін

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Маңғыстау облысында түрмеден қашып кеткен қылмыскер ұсталды, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігі қылмыстық-атқарушы жүйе комитетінің баспасөз қызметі.

Түрме - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шығыс Қазақстанда жазасын өтеуші түрмеден қашпақ болды

Ақтауда ұрлық үшін сотталып, қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде (ГМ-172/8, қоныс колония) жазасын өтеуден қашқан 29 жастағы азамат ұсталды.

Деректерге сүйенсек, сотталған М. Бердиев қоныс колонияның аумағынан тысқары орналасқан "Еңбек-Ақтау" РМК-да жұмысқа орналастырылған екен. 2019 жылдың 4 ақпанында сотталған азамат жұмыс орынан кетіп, қайта оралмады. Ол қоныс колония аумағында қадағалаусыз жүріп-тұру мүмкіндігін пайдаланып кеткен.

Қытайда "ең әдемі" қылмыскер әйел ұсталды

10 ақпанда ГМ-172/8 мекемесінің қызметкерлері Ұлттық ұлан әскерилері және Маңғыстау облысының полиция департаментімен бірге жедел іздеу шараларын жүргізу нәтижесінде Бердиевті қаланың шағын аудандарының бірінен ұстады.

Қазір сотталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 427-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Түзету мекемесіне оралмағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Түрмеден шыққан Гауһар Әлімбекова халыққа үндеу жасады

Жаңалықтар
0