Өңірлер

Бүгін Қазақстанда қандай жолдар жабық?

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЖолдар
Жолдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
11 ақпанда Алматы облысындағы жолдарда қозғалыс шектелді

АСТАНА, 11 ақпан — Sputnik. Бүгін Қазақстанда біраз тас жол жабылды, деп хабарлайды "Қазавтожол" компаниясы.

"Қазавтожолдың" ресми сайтында қазір қандай жолдардың жабық екенін көрсететін карта жарияланған.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қазгидромет ақпан айында ауа райы қандай болатынын айтты

Айта кетсек, Алматы облысында боран мен жолдың дұрыс көрінбеуі салдарынан 9 ақпанда сағат 15:00-тен бастап Үшарал – Достық жолының учаскесі жабылған: 83-184 километр (Көктұма ауылынан Достық ауылына дейін). Мұнда барлық көлік түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Сонымен қатар өңірде жүк көліктері үшін 10 ақпанда сағат 13:00-ден бастап Алматы – Өскемен жолының учаскесі жабылған: 482-552 километр (Көлбай ауылынан Үшарал ауылына дейін). Себебі: боран және жолдың дұрыс көрінбеуі.

Естеріңізге сала кетсек, "Қазгидромет" синоптиктері хабарлағандай, бүгін Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарында кей жерде көктайғақ, желдің екпіні 22 м/с. Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерде боран соғады.

Жаңалықтар
0