Өңірлер

Ақтау тұрғыны әдейі көлік астына түсті - видео

© pixabayКөлік
Көлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін полиция ер адамды ұстады

АСТАНА, 29 қаңтар — Sputnik. Ақтауда құқық қорғау органдарының қызметкерлері жүк көлігінің астына түспек болған ер адамды ұстады.

Оқиғаны жолай өтіп бара жатқандардың бірі телефонының камерасына түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Видеода ер адамның жүк көлігінің астына әдейі түскені көрінеді, деп жазады Лада жергілікті басылымы.

Сол күні 25 қаңтарда полиция қызметкерлері жол-көлік апатын қасақана ұйымдастырмақ болған ер адамды ұстап, Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 615-бөлімі 1-тармағы "Жаяу жүргіншілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының жол жүру ережесі талаптарын орындамауы" бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Былтыр жазда Ақтауда қоғамның наразылығын тудырған тағы бір оқиға болды. Ер адам өтіп бара жатқан көліктердің астына әдейі түсіп, тіпті біреуіне зақым келтірген.

Жаңалықтар
0