Өңірлер

Қазақстанның шенеуніктері мейрамханаға баруға қорқады

© Photo : CC0 / rawpixelДәмхана
Дәмхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық мемлекеттік қызметшінің беделі үшін күрес мейрамхана және дәмхана иелерін шығынға батырды. Шенеуніктер біреу суретке түсіріп немесе әңгімесін тыңдап қоя ма деп ешқайда бармайтын болған

АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының мейрамхана иелері мемлекеттік қызметшілер қоғамдық тамақтану орындарына мүлдем бармайтын болғаннан соң табыс азайғанын айтып шағымданды, деп хабарлайды "Астана".

Жолаушылар ұшақ салонында отыр - Sputnik Қазақстан
Әлем
"Ішімдікті аузыма алған емеспін". Ұшақта шу шығарып, қызметінен қуылған шенеунік ақталды

Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын Қазақстанда әлеуметтік желіде "бейәдеп", той үстіндегі және бос уақытындағы беделіне нұқсан келтіретін суреттерді жариялаған мемлекеттік қызметшілерді жазалай бастаған  еді: мысалы, шарап немесе қарумен түскен, байлығын паш еткен суреттер және тағы басқалары. Арнайы қызметтер шенеуніктердің жеке парақшаларын бақылап, мейрамхана маңында қызметтік көліктердің бар-жоғын тексеріп отырады. 

Енді мемлекеттік қызметшілер бір түсінбестік болып, этикалық норманы бұзды деген айып тағылмас үшін дәмхана мен мейрамханаларда түскі ас ішпеуге тырысады, тіпті ұжымдық мерекелер де өткізбейді.

Бұл үрдіс дәмхана мен мейрамханалар кірісіне айтарлықтай әсерін тигізді, деп шағымданды Солтүстік Қазақстан облысы мейрамхана және қонақүй иелері қауымдастығының төрағасы Сайран Хамзин.

Негізінде бұған дейін облыста бірде-бір шенеунік мас күйінде ұсталмапты.

Жаңалықтар
0