Өңірлер

Ақтауда жүкті әйел көз жұмды: туыстары перзентханаға басып кірді

© Photo : Рixabay/PexelsЖүктілік
Жүктілік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігерлер әйелдің өліміне не себеп болғанын айта алмайды, себебі мәйітке сараптама жасауға үлгермеген

АСТАНА, 27 желтоқсан — Sputnik. Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығында көз жұмған әйелдің туыстары ауруханаға басып кіріп, мәйітті союға жол бермеді.

Жүкті әйел, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Күтпеген жерден..." Астанада тағы екі жүкті әйел көз жұмды

Төтенше оқиға 25 желтоқсанда болған, жүкті әйел туысымен жолығу үшін медициналық мекеме бөлімінен шығады. Кенет жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Шұғыл келіп жеткен дәрігерлер әйелге жанталаса көмек көрсеткенімен, аман алып қала алмады, деп хабарлайды "Лада" басылымы.

Перинаталдық орталыққа науқас екі күн бұрын 23 желтоқсанда жатыпты. Дәрігерлер оған аяғындағы қантамырларының варикоздық кеңеюі және Вальсальв синусының аневризмасы, яғни белгілі бір аорта бөлігінің кеңеюі диагнозын қойған. Мұндай белгілер жүктілік кезінде жиі байқалады әрі жүкті әйелдің өміріне қауіп төндірмейді, деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Аяқ асты есінен танып қалған әйелдің өмірі үшін дәрігерлер бір сағаттан астам уақыт бойы арпалысқан, өкінішке орай науқас жан тапсырды.

Лифт - Sputnik Қазақстан
Әлем
Жүкті әйел мінген лифт 95-қабаттан төмен құлдилады

Дәрігерлер оның мәйітін сойып, өліміне не себеп болғанын анықтауға тиіс болатын. Алайда туыстары бұл процедурадан бас тартып, марқұмның денесін беруді талап етті.

Мәйітті бермей қойғанда, бірден шу көтеріп, перзентханаға басып кіргендер саны қызметкерлерден басым түсіп, әйелдің денесін жерлеу үшін алып кетеді.

Марқұмның туыстары оның қазасына дәрігерлерді айыптайды, ал медицина қызметкерлері оларды сараптама жасатуға көндіре алмай отыр. Дәрігерлер полицияға арыз жазса да, тәртіп сақшылары әлі үнсіз.

Жаңалықтар
0