Өңірлер

Алматылық Тиін сыйлықтың астында қалып, тұрғындарға көзін қысады - видео

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматыдағы тиін
Алматыдағы тиін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматыда жоғары технологияның көмегімен қаланың символын "тірілтті"

АСТАНА, 24 желтоқсан — Sputnik. "Атакент" алаңына биыл жазда орнатылған қамыс тиін жаңажылдық сыйлықтар символына айналды. Аңның айналасын сыйлықтармен безендіріп, қасына мұз айдын жасап, ал тиіннің өзін видеопроекция көмегімен "қозғалтып" қойыпты.

Өткен демалыста Winter Family Party отбасылық қысқы фестиваль кезінде жарық және видео шоудың тұсаукесері өтті.

Енді тиін мұрнын қимылдатып "иіскейді", көзін қысады, "ұсақ бөлшектерге бөлініп", "көбелекке айналады".

Елді шулатқан екі тиіннің бірі қиратылды

Жаңғақ ұстаған тиін Алматыда 2018 жылдың шілде айында пайда болды. Мүсіннің биіктігі – 2 метр, құны – 23 миллион теңге, оның 15 миллионы мемлекеттік бюджеттен бөлінген. Жобаның авторы – британдық скульптор Алекс Ринслер.

Қымбат бағасына қарамастан, бұл мүсін мәңгілік емес, себебі сабаннан ғана жасалған. "Халыққа қызмет ету мерзімі" – 9 ай. Қазір Тиіннің қала көркіне айналғанына бес ай болды.

Жаңалықтар
0