Өңірлер

Самал Еслямова жаңа қырынан танылды

© REUTERS / Jean-Paul PelissierСамал Еслямова
Самал Еслямова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
СҚО әкімі Құмар Ақсақалов атақты жерлесін маңызды наградасымен құттықтап, гүл сыйлады

ПЕТРОПАВЛ, 16 желтоқсан — Sputnik. Петропавлда өткен салтанатты жиында белгілі актриса, Канн кинофстивалінің лауреаты Самал Еслямова Абайдың әнін орындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Самал Еслямова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Күтпеген сый болды" Самал Еслямова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды
Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов салтанатты жиында солтүстікқазақстандықтарға орден, медаль және құрмет грамоталарын табыстады. 

Тәуелсіздік күніне орай өткен жиынға Самал Еслямова да қатысып, жерлестерінің жылы лебізін естіді. Жуырда Астанада президент Нұрсұлтан Назарбаев кино актрисаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын берген еді. 

"Облыс әкімі Құмар Ақсақалов атақты жерлесін маңызды наградасымен құттықтап, гүл сыйлады", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Салтанатты жиын соңы әдемі мерекелік концертке ұласты. Оған Солтүстік Қазақстанның шығармашылық ұжымдары мен қазақстандық жұлдыздар қатысты.

© Photo : пресс-служба акима СКОАктриса Самал Еслямова СҚО-да өткен салтанатты жиында Абайдың әнін орындады
Актриса Самал Еслямова СҚО-да өткен салтанатты жиында Абайдың әнін орындады - Sputnik Қазақстан
Актриса Самал Еслямова СҚО-да өткен салтанатты жиында Абайдың әнін орындады
 Самал Еслямова да концертте жаңа қырынан танылды. Ол Мұқанов атындағы қазақ театрының актерлері мен спортшы Маргарита Мұқашевамен бірге ұлы Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнін орындап, жерлестеріне тосын сый жасады.

Жаңалықтар
0