Өңірлер

Арал түбіндегі өзбектер мінген автобус апаты: оқиғаға қатысты тың дерек шықты

© Sputnikавтобус
автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауруханада ауыр жарақат алған автобус жүргізушісі жатыр, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ

АСТАНА, 26 қараша — Sputnik. Автобус апатынан зардап шеккендердің көпшілігіне медициналық жәрдем керек болған жоқ, біраз жолаушы сапарын әрі қарай өздері жалғастырған.

Автобус апаты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қарағанды облысында 45 адам мінген автобус жүк көлігімен соқтығысты - фото

Естеріңізге сала кетсек, 22 қарашада Шымкент-Самара тас жолында Арал қаласына жақын маңда Нижний Новгород – Сарыағаш бағытында келе жатқан автобус аударылып қалды: салонда 36 адам болған.

Қызылорда облысы жергілікті полиция қызметі хабарлағандай, зардап шеккендердің ішінде екі жүргізуші – қазақстандықтар, қалғандары – отанына қайтып бара жатқан Өзбекстан азаматтары.

"Арал ауданы әкімдігінің қызметкерлері автобустың 17 жолаушысы Шымкент-Самара тас жолында орналасқан қонақүйге орналастырды, тағы біраз жолаушы межелеген жеріне өздері жетпек болып, сапарын жалғастырған", — деп атап өтті Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі оқиғадан кейін.

Жол апатынан зардап шеккен үш адам Арал қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді.

Автобус - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қызылорда облысында екі автобус бетпе-бет соқтығысты – 86 адам зардап шеккен

"Дәрігерлер аударылған автобустың жолаушыларын түгел қарап шықты, — дейді Арал аудандық ауруханасының бас дәрігері Марат Ршымбетов. – Олардың көпшілігіне күрделі медициналық жәрдем, яғни амбулаториялық ем қабылдау қажет болмады. Ауруханаға үш адам түсті, олардың бірі алған жарақатынан көп ұзамай көз жұмды. Тағы екеуін дәрігерлер бақылауына алды".

Әзірге, бас дәрігердің мәліметінше, ауруханада автобус жүргізушісі жатыр.

"Сол жақ жетінші-сегізінші қабырғалары сынған, пневмотораксқа ұшырап, миы шайқалған, — дейді Ршымбетов. – Қазір өміріне қауіп төніп тұрған жоқ".

Ал Қызылорда облысы полиция департаменті мәлімет бергендей, жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды полиция.

Жаңалықтар
0