Өңірлер

Қостанайда жоғалған 16 жастағы қыз табылды

© Photo : СС0 / Free-PhotosҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция із-түзсіз жоғалған екі тұрғынды іздеп тапты: бірі танысының үйінде болса, екіншісі Астанада жұмыс істеген

АСТАНА, 23 қараша — Sputnik. Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған екі қостанайлықтың қайда екенін анықтады. Бұл туралы Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Қыздың сұлбасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай облысында жоғалған қыздың денесі өзеннен табылды

23 қараша күні таңертең полиция екі күн бұрын белгісіз бағытта үйінен шығып кеткен 16 жастағы Екатерина Терентьеваны іздеп тапты. Қыз таныстарының үйінде болған, деп жазды alau.kz. 

Сондай-ақ, тағы бір жоғалған адамның қайда екені анықталды. Арқалық қаласының 25 жастағы тумасы Артур Насыров осы жылдың қыркүйек айының соңында үйінен облыс орталығына шығып кеткен. Ол бүгін таңертең Астанадан Қостанайға пойызбен келген. Өзінің айтуынша осы уақыт ішінде елордада қара жұмысшы болып еңбек еткен.

Жаңалықтар
0