Өңірлер

"Ұлымды ұмытты, ешкім есіне алмайды" Бекзат Саттархановтың әкесі ренішін айтты

© Photo : Конфедерация спортивных единоборств и силовых видов спортаБекзат Саттарханов
Бекзат Саттарханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінінде орналасқан мектепке басқа спортшының есімі берілген

АСТАНА, 6 қараша — Sputnik. Түркістанда қазақтың аты аңызға айналған боксшысы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов атындағы спорттық кешеннің ғимараты қираудың аз-ақ алдында тұр, деп хабарлайды Otyrar.

Спорттық кешен 2000 жылы ашылған. Қазір ғимарат жұмыс істеп тұрғанымен, ондағы спорт мектебіне спортшы Әбдісалам Нұрмахановтың есімі беріліпті.

© Photo : "Отырар" басылымыБекзат Саттарханов атындағы спорт кешені
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені - Sputnik Қазақстан
Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені

Түркістан қаласына кіре бергенде Бекзат Саттархановтың ескерткіші жанында орналасқан спорт кешені ашылғалы бері бірде-бір рет дұрыстап жөнделмеген екен. Спорт мектебі директорының орынбасары жақында жөндейміз, ақша бөлінген дейді, алайда жұмыстың қашан басталатыны беймәлім. 

"Біз мұнда республикалық жарыстар өткіземіз. Керемет деңгейде болмаса да, ұйымдастырып жүрміз. Келесі жылы наурызда жөндеу жұмыстары басталады. Құжаттары дайын, 300 миллион теңге бөлінген, қосымша ғимараттар салу жоспарда бар. Өз күшімізбен едендерін ауыстырып, кабинеттер жасағанбыз", — дейді Нұрмаханов атындағы спорт мектебі директорының орынбасары Төленбек Асанов.

Денис Тен - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Қыршынынан қиылған бес қазақстандық спортшы

Марқұм боксшының әкесі Сейілхан Саттарханов телефон арқылы берген сұхбатында осы жағдайға байланысты өкпе-ренішін жасырмады.

"Бекзат Олимпиада чемпионы болған кезде бұл ғимарат бар болатын. Қазір сыртында Бекзаттың аты жазылып тұр, ал ішіндегі мектеп басқа спортшының атымен аталады, бұл ғимаратта балама қатысты ештеңе жоқ. Музейде тұрған медальдері түпнұсқа емес, бәрі өзімізде. Ұлымызды ұмытты, ешкім есіне алмайды, ол туралы бір ауыз жақсы сөз айтпайды. Ғимаратты жөндеу туралы айтпай-ақ қояйын, өздері жауап берсін. Бекзаттың құрметіне жақсы, заманауи ғимарат салса да болар еді, Қазақстанның намысын қорғап, елдің атын шығарды емес пе? Бекзаттай боксшы ешқашан болмаған сияқты көрінеді. Осының бәрін айту маған оңай емес, айта-айта жауыр болса да, еш нәтиже жоқ", — деп Сейілхан Саттарханов ренішін білдірді.

© Photo : "Отырар" басылымыСпорт кешеніндегі музей
Спорт кешеніндегі музей - Sputnik Қазақстан
Спорт кешеніндегі музей

Айта кетсек, спорттық кешенге елді мекендерден мыңдаған оқушы барады екен, ұжымдағы бұрынғы 50 бапкердің қатарына жаңадан 40 адам қосылған.

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлімет бергендей, жөндеу жұмыстары 2019 жылы басталады, ол үшін облыстық бюджеттен 7 миллион теңге бөлінген.

© Photo : "Отырар" басылымыСпорттық кешеннің ғимараты апаттық жағдайда
Спорттық кешеннің ғимараты апаттық жағдайда - Sputnik Қазақстан
1/2
Спорттық кешеннің ғимараты апаттық жағдайда
© Photo : "Отырар" басылымыСпорт кешенінің ғимараты апаттық жағдайда
Спорт кешенінің ғимараты апаттық жағдайда - Sputnik Қазақстан
2/2
Спорт кешенінің ғимараты апаттық жағдайда
1/2
Спорттық кешеннің ғимараты апаттық жағдайда
2/2
Спорт кешенінің ғимараты апаттық жағдайда
Жаңалықтар
0