02:36 19 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.07
  • EUR494.45
  • RUB5.66
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
0 0 0

Қоғамдық ұйым жастардың төбелеске дайындалып жатқанын біліп, жағдай шиеленісе бастағанда, полицияға хабарласты

АСТАНА, 3 қараша — Sputnik. Ақтөбе колледжінің 16-22 жас аралығындағы екі жүз студенті пышақ, кастетпен қаруланып, төбелеске дайындалған. 

Полиция мен қоғамдық ұйымның үйлесімді жұмысының арқасында трагедиямен аяқталуы мүмкін жанжалға жол берілмеді. 

"Ақтөбе Таймс" өңірлік газеті қызыл шеке төбелес өткен аптада қала орталығында жоспарланғанын жазды.

"Бүркіт" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Серік Сағиевтің айтуынша, "разборка" жергілікті жігіттердің бірі соққыға жығылғаннан кейін басталған. " Бүркіттіктер" зәбір көрген тараптың кек алуға дайындалып жатқанын біліп қалып, полиция шақырған. 

Төбелеске 16-дан 22 жасқа дейінгі екі жүзге жуық студент келді. Сағиевтің айтуынша, полиция қызметкерлері студенттердің автокөліктерінен бірнеше пышақ, бита, шынжыр және кастет тапқан. Бөлімшеге 13 адам жеткізілді, деп толықтырды ол. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жастарды қысқа уақытта татуластырып үлгерді: келесі күні бір топ жігіт сауда орталығының жанында жиналды. Олар "бүркітшілерді" көріп, мәселенің шешілгенін айтып, үйлеріне тарады.   


Тақырып бойынша

Қостанайда бойжеткенді соққыға жықты: жігіттер төбелесті сырттан бақылап тұрған
Көкшетауда мемлекеттік қызметкерлер жұмыс кабинетінде төбелесті
Алматыда AlmaU университетінің студенттері төбелесті
Лисаковскіде төбелесіп жатқандарды ажыратпақшы болған ер адам қаза болды
Атырау мұнай зауытында Қытай азаматтары күзетшілермен төбелесіп қалды
Павлодардағы жаппай төбелестен кейін екі қала тұрғыны ұсталды
Загрузка...

Басты тақырып