Өңірлер

Астана маңында оқушылар отырған автобус апатқа ұшырады

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуОқушылар отырған автобус
Оқушылар отырған автобус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жол-көлік апатына түскен автобус Қосшы ауылында тұрып жатқан балаларды үйді-үйіне жеткізбек болған

КӨКШЕТАУ, 24 қазан — Sputnik. Ақмола облысында мектеп оқушыларын сабақтан кейін үйіне апара жатқан оқушы жол апатына түсті, балалар зардап шеккен жоқ, деп хабарлайды құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Алматыда жол талғамайтын көлік жиектасқа шығып кетіп, аударылып қалды - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Жолдан жүгіріп өткен: Алматыда джип апатқа ұшырап, үш адам жарақат алды

Оқиға 23 қазан күні Целиноград ауданында болды. Автобус жүргізушісі сабақтан шыққан оқушыларды үйіне жеткізіп салмақ болады. Алдын ала нұсқа бойынша автобус екінші деңгейлі жолдан басты трассаға шығып кетіп, "ВАЗ-21099" автомобиліне соғылған. Нәтижесінде жеңіл көліктің жүргізушісі әртүрлі жарақатпен аурухана жеткізілді. Автобус салонында отырған оқушылар зардап шеккен жоқ.

Құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп жатыр.

Тағы оқыңыз: Оқушы жүргізіп келе жатқан көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Целиноград ауданындағы білім бөліміндегілер автобустың №1 мектеп оқушыларын үйлеріне белгілі бір маршрут бойынша апара жатқанын хабарлады. Автобус салонында бес бала мен ұстаз болған.

Жаңалықтар
0