АҚТӨБЕ, 19 қазан — Sputnik. Сот Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің біріне орнатылған лифт ішінде өлген тележүргізуші ісіне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кінәлілер қанша жылға сотталды?
Бүгін Ақтөбе қаласындағы №2 соттың судьясы Ербол Әбдіхалықов айыпталушыларға үкім оқыды. Ол ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне сәйкес, "Талаптарға сай келмейтін қызмет түрін көрсету" бойынша "Жаңабек-сервис" ЖШС жетекшісі Кенен Жаңабек пен кәсіпкерліктің механигі 62 жастағы Жарылқасын Ақжановты кінәлі деп таныды.
Кенен Жаңабеков шартты түрде 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот, сондай-ақ, оны коммерциялық ұйымдарда бес жылға дейін басшы болуға тыйым салды.
Тағы оқыңыз: Ақтөбедегі лифтіде өлген тележүргізушінің анасы кінәлілерге қатаң жаза беруді сұрады
Ал Ақжанов төрт жылға колонияға жабылды. Сондай-ақ, ол әйелдің отбасына 2 миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелді. Сот әйелдің өліміне оның өз жұмысын дұрыс атқармауы себеп болғанын айтты.
"Оның жүрегіне ота жасалды. Сол себепті, жасағандары үшін оған төрт жыл жеткілікті деп ойлаймын", — деді Ержанов.
Тележүргізушінің күйеуі Қайыржан Ержанов сот үкіміне қанағаттанды. Оның айтуынша, Ақжанов өз кінәсін мойындамаған және марқұмның отбасынан кешірім сұрамаған.
Сотталушы кінәсін мойындамады
Сарапшылардың қорытындысы бойынша, тележүргізушінің өліміне себепші болған лифт дұрыс жөнделмеген. Ақжанов тергеу барысында да, сотта да өз кінәсін мойындамады.
Жәбірленушілердің оған көп жыл жаза сұрауы осы нәрсе себеп болған. Ал оның басшысы Жаңабеков өз кінәсін мойындағандықтан, марқұмның туыстары оған шартты жаза беруді сұраған.