Өңірлер

Шымкентте полицейге шабуыл жасалды

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам ұсталған кезде полицейге қарсылық көрсетіп, пышақпен тап берген

АСТАНА, 17 қазан — Sputnik. Шымкент полицейі қылмыскерді ұстау кезінде пышақ жарақатын алды.

Полицей - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Астанада мас полицей жаяу жүргіншіні қағып кетті

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері патруль кезінде көлік тұрағы жанынан күдікті тұлғаларды көріп, мән-жайды білмек болады, алайда ер адамдардың бірі қашуға тырысқан.

Учаскелік полицей соңынан ілесіп, қуып жеткенде, ер адам оған қарсылық көрсетіп, бірнеше рет пышақ салады. Жарақатына қарамастан полиция қызметкері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін қолданып, қылмыскерді ұстады.

Кейін зардап шеккен полицей қалалық ауруханаға жеткізілген.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысында отыр, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Жаңалықтар
0