Өңірлер

Қостанай облысында екі дос қарыз қайтармаған әріптесін аяусыз өлтірді

© Sputnik / Табылды КадырбековТөбелес
Төбелес - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық іс сотқа келіп түсті

АСТАНА, 15 қазан — Sputnik. Қостанай облысының екі тұрғыны алған қарызын қайтармаған әріптесін ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірді. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды .  

Тас - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қостанай тұрғыны көшеде қансырап жатқан бөтелкелесін таспен ұрып өлтірді

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына 1969 және 1988 жылғы екі азаматқа қатысты іс келіп түсті. Оларға қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлімі бойынша айып тағылып отыр.

Екі таныс арақ ішкеннен кейін әріптесіне барып, одан қайтармай жүрген қарызды сұрамақ болады. Марқұм көзі тірісінде екі тұрғынның бірінен қарызға ақша алған.

Ақырында екеуі қарызды қайтара алмайтынын түсініп, таныстарын аяусыз соққыға жығады. Одан кейін күдіктілердің бірі өзімен бірге ала барған көлік генераторының белдігімен оны қылқындырады. Зардап шеккен азамат оқиға болған жерде көз жұмды.

Аталған іске қатысты алдын ала тыңдау 19 қазанда өтеді.

Жаңалықтар
0