Өңірлер

Ауа райы: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр соңы қарға ұласады

© Sputnik / Медиабанкке өтужабысқақ қар, архив суреті
жабысқақ қар, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
9-11 қазанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА, 8 қазан — Sputnik. Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды

"Батыс тропосфералық ағындар ақырындап солтүстік-батыс жəне солтүстікке ауысатын болады. Алдағы үш тəулікте Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік өңірлерінен жылжитын арктикалық фронттардың ықпалынан республиканың көптеген облысында жаңбыр жауады, кейде жабысқақ қарға ұласуы мүмкін", — деп хабарлайды синоптиктер. 

Бұл күндері ауа температурасы 0°С-ден төмен болады деп болжанып отыр. 

Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік-шығысында күн суытады, мұнда да кей жерде жаңбыр жауады, таулы жерлерде жаңбыр соңы қарға ұласады. 

Жаңалықтар
0