Өңірлер

Назарбаев газбен жүретін көліктерге басымдық беруді тапсырды

© Photo : Ақорданың ресми сайтыНұрсұлтан Назарбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты
Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Шымкент мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты

АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шымкентке жұмыс сапарымен барып, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ға мүше елдер басшылары кеңесінің отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев ТМД-дағы сауда кедергілерін жоюға шақырды

Кәсіпорын К-4 және К-5 экологиялық стандарттарына сай мұнай өнімдерін өндіруге маманданған. Зауыт жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде мұнай өңдеу көлемін жылына 6 миллион тоннаға дейін көбейтті.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевқа Атырау және Павлодар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы жөнінде мәлімет беріліп, Қазақстанның мұнай нарығындағы қазіргі жағдай туралы баяндалды.

Баяндаманы тыңдаған соң Қазақстан президенті экологиялық тұрғыдан таза жанармай түрлерін пайдаланудың және оның тұрғындар үшін қол жетімді болуын қамтамасыз етудің маңызды екенін атап өтті.

"Біз газбен жүретін автобустар шығарып жатырмыз. Солардың өндіріс көлемін ұлғайту қажет. Бұл ұлттық экономиканы ынталандырып, экологияға  келетін зиянды азайтады. Сонымен қатар, көлікті газбен жүруге көшіру оның иелері үшін де тиімді", – деді мемлекет басшысы.


Жаңалықтар
0