Өңірлер

Өскеменде гараждардың маңынан өтіп бара жатқан бойжеткенді зорлап кетті

CC0 / / Гараждар
Гараждар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
20 жастағы қызға жәбір көрсетті деген күдікпен жас жігіт ұсталды. Зардап шегуші оны бірден таныды

АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik.  ҚР Ұлттық ұлан жауынгерлері Өскеменде 20 жастағы қызды зорлаған күдіктіні іздеп тапты. 

Жылап тұрған қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Үш рет өз әкесі зорлаған қыз педофилдерді піштіруге қарсы шықты

Алтайньюс порталының мәліметінше, оқиға өткен аптада болған. 20 жастағы қыз полицияға Абай даңғылы, 21 мекен-жайы бойынша орналасқан гараждардың маңында сағат 15:30 шамасында бейтаныс жігіт өзіне зорлық көрсеткенін хабарлаған. 

Ұлттық ұланның әскери жасағы күдіктіге бағыттама алған бетте іздеу шараларын бастайды. Патрульдік топтың басшысы лейтенант Ермек Уәлиев пен қатардағы жауынгер Исламбек Төлесінов бағыттамада көрсетілген орынға жақын жерден 23 жастағы жас жігітті ұстады. Күдікті мас болған. Зардап шеккен қыз оны бірден таныпты.

"Ш. есімді азамат кінәсін мойындады. Сарбаздар жедел жәрдем шақыртып, зардап шеккен бойжеткен бірінші қалалық ауруханасына жатқызылды. 5518 әскери бөлімінің жасағы күдіктіні Үлбі полиция бөліміне жеткізді", – дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің басшысы Бағдат Амангелді.

Лейтенант Ермек Уәлиев пен қатардағы жауынгер Исламбек Төлесінов марапатқа ұсынылып отыр.


Жаңалықтар
0