АСТАНА, 24 қыркүйек — Sputnik. Ақтөбе соты дәрігердің кабинетіне кіріп шабуыл жасаған жігітті ақыл-есі дұрыс емес деп танып, тұрғылықты мекенжайы бойынша емделуге жіберді.
Жайсыз жағдай биылғы жылдың маусым айында болды. Қолында пышағы бар жас жігіт дәрігердің кабинетіне кіріп келіп, медициналық қызметкерді бірнеше жерінен аяусыз пышақтаған, деп жазды Диапазон басылымы.
Десе де аталған басылым жас жігітті кімнің қалай ұстап тұрғаны туралы мәлімет келтірмейді. Сол күні полицияға жеткізіліп, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталған екен. Қылмыстық іс "Кісі өлтіруге оқталу" бабы бойынша жүргізілді. Күдіктіні полиция ұстағанға дейін ол көпқабатты үйден секіріп, жарақат алған.
Ақтөбе облысы ауданаралық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, сот-психиатриялық сараптама нәтижесінде жас жігіт ақыл-есі дұрыс емес деп танылып, қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Мұның орнына оған емханадағы психиатрда емделу міндеттелді.