Өңірлер

Қостанай облысының тұрғыны ұлын өлтіріп, артынша өзіне қол салды

© Sputnik / Murad OrujovПышақ ер адамның қолында
Пышақ ер адамның қолында - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Баланың денесінде пышақ жарақаты жоқ, бірақ, дәрігерлердің айтуынша, оны тұншықтырып өлтірген

АСТАНА, 17 қыркүйек — Sputnik. Аймақтың денсаулық сақтау басқармасы Sputnik Қазақстан тілшісіне көрші бөлмеден 44 жастағы ер адамның табылғанын хабарлады.

Дәрігерлер үйге келгенде ер адам есін біліп жатқан. Алайда ауруханаға келген соң ауыр жарақаты салдарынан бірден көз жұмды.

"Жедел жәрдем станциясына қоңырау 21:25 кезінде соғылды. Баланың денесі сіресіп қалған. Жедел жәрдем келгенше арада бірнеше сағат өтті деген болжам бар", — деді денсаулық сақтау басқармасының қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері Ксения Жілікбаева.

Сондай-ақ, баланың марқұм әкесінің бұрын-соңды психиатрда қаралмағанын жеткізді.

Естеріңізге сала кетсек, жергілікті басылымдар әкесінің 4 жасар ұлын өлтіріп, кейін өзіне қол салғаны туралы жазған-ды.

Жаңалықтар
0