Өңірлер

Шығыс Қазақстанда ірі бұршақ төпелеп жауды – видео

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуБұршақ
Бұршақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жауған бұршақ егінді жапырып кетті. Синоптиктер тұрғандарға күн күркіреп, бұршақ жауады деп ескерткен еді

АСТАНА, 30 тамыз — Sputnik. Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданында Конституция күні қарсаңында ірі бұршақ төпелеп жауды.

YK-news.kz басылымына Зубовск ауылы тұрғындары хабарлағандай, ірі бұршақ егін алқаптарын жапырып кетіпті.

Әуелі нөсер жауын құйып, кейін бұршақ жауа жөнелген. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, қандай шығын келгені кейінірек хабарланады.

Синоптиктер өңірде күн күркіреп, бұршақ жауады деп ескертіп, дабылды ескерту жариялаған еді.

Семейдегі дүлей жел мен ірі бұршақ тұрғындардың зәресін алды — видео

Көлдегі жантүршігерлік құйынның видеосы жарияланды

 

Жаңалықтар
0